25 желтоқсан күні «Оқуға құштар коллед» жобасы аясында «Кітаптағы кадр» жоспарына сәйкес Шәкен Аймановтың 110 жыл толуына орай «Атамекен» – фильмі бойынша пікірталас өткізілді.
Мақсаты: Қазақ киносының саңлағы, дарынды актер, шебер кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың өмір жолы,туып-өскен, оқып білім алған ортасы, қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру. Қазақ киносының негізін салушы екеніне көздерін жеткізу. Шәкен Аймановты дарынды актер және шебер режиссер ретінде насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
Қатысушылар кітап пен фильмдегі кейіпкерлердің образдарын салыстырып, режиссер енгізген өзгерістерді талқылады. Әр кейіпкердің бірегейлігі мен тереңдігі талданды.