«Шебер қол — жылы жүрек» шеберлік сағаты

23.04.2025 Сервис және туризм колледжінде МЦЗ “Жас Толқын”, №3 қалалық емхана және Сарыарқа ауданының “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығының қатысуымен «Бойтұмар» клубының мүшелеріне арналған шығармашылық кездесу – тоқыма өнері сағаты өтті.

Іс-шараның мақсаты – қолөнерге қызығушылықты арттыру, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, әлеуметтік байланысты нығайту және қатысушыларға жылы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін жайлы орта құру болды.

Шара барысында қатысушылар тоқыма өнерінің қыр-сырымен танысып, жіп түрлері мен құралдар жайлы мағлұмат алды, ілмек салу, оң және теріс ілмектерді тоқу секілді бастапқы әдістерді меңгерді. Тәжірибелі шебердің жетекшілігімен әрбір қатысушы өз қолымен шағын бұйым тоқып көруге мүмкіндік алды – өрнек үлгісі, кесе қойғыш немесе шарфтың бастамасы.

Іс-шараның ерекше көңіл бөлінген тұсы – қатысушылар арасындағы еркін әрі жылы сұхбат пен тәжірибе алмасу болды.

Қамтылуы  – 16 студент.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *