06.11.2025 ж. колледж директоры жастар істері жөніндегі комитет және студенттік парламент мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы оқу жылына арналған жоспарлар талқыланды.
Студенттер өз бастамалары мен жаңа идеяларын ортаға салып, колледж өмірін жандандыру, жастар белсенділігін арттыру бағытындағы ұсыныстарын білдірді.
Директор студенттердің ұсыныстарын мұқият тыңдап, олардың бастамаларын қолдауға дайын екенін атап өтті. Кездесу жылы әрі ашық форматта өтіп, өзара тиімді диалог орнатылды. Нәтижесінде жастар мен әкімшілік арасында өзара серіктестік пен түсіністік нығайып, болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге келінді.
Қамтылуы – 70 студент.
