Астана қаласы әкімдігінің “Сервис және туризм колледжі” ШЖҚ МКК
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізімі
№ | Лауазымы | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер | Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
1 | Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары | Әлеуметтік-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру | Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған құжаттарды дайындау кезінде жекелеген студенттерге негізсіз артықшылықтар беру. Педагогтердің қызметін әділетсіз бағалау, нәтижелерді асыра көрсету. Шындыққа жанаспайтын немесе бұрмаланған ақпарат ұсыну. |
2 | Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары | Оқу процесін қадағалау, білім беру қызметіне бақылау жүргізу | Қызметтік өкілеттіктерді жеке немесе отбасылық мүддеде пайдалану. Құпия ақпаратты жеке мақсатта қолдану. Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін бұзу. Заңмен көзделмеген құжаттарды талап ету. Ақпаратты жасыру, ақпараттық жүйелерге рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері. |
3 | Колледж директорының шаруашылық істер жөніндегі орынбасары | Мүлік пен материалдық-шаруашылық қызметті басқару | Оперативті басқарудағы мүлікті басқару кезінде мүдделер қақтығысы. Мүлікті жеке немесе бөгде мақсатта пайдалану. |
4 | Кадр бөлімінің меңгерушісі | Кадр саясатын жүргізу, кадрларды іріктеу | Конкурстық рәсімдердің болмауы немесе еленбеуі. Туыстық немесе достық байланыстар негізінде қызметке тағайындау. Қажетті біліктілігі жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау. Жарамсыз немесе жалған құжаттар негізінде тағайындау. Шын мәнінде жұмыс істемейтін тұлғаларды тіркеу және оларға арналған жалақыны иемдену. |
Бас бухгалтер | Қаржылық және есеп қызметі | Материалдық құндылықтарды тіркеу кезінде заңбұзушылықтар. Мүлікті уақтылы есептен шығармау. Мүліктің сақталуын тиісті деңгейде бақыламау. | |
5 | Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер | Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатып алуды ұйымдастыру және өткізу | Сатып алуды жоспарлау және өткізу кезінде лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану. Белгілі бір жеткізушіге арналған техникалық сипаттамаларды дайындау. Бәсекелестікті шектеу. Мүдделер қақтығысы. Баға мониторингін бұрмалау. Жеке (пайдалық) мақсатта шешім қабылдау. |
6 | Қойма меңгерушісі | Материалдық құндылықтарды есепке алу және сақтау | Есептік құжаттарда жалған мәліметтер көрсету. Нақты қалдықтарды жасыру. Қызметтік құжаттарға жалған анықтамалар мен мәліметтерді енгізу. |