СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІМІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІМІ 

 

Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелі Тәуекел деңгейі Ұсынылатын шаралар Орындау нысаны Орындау мерзімі
1 Талапкерлерді  таныстық бойынша қабылдау ережелерін бұза отырып қабылдау мүмкіндігі Орташа Қабылдау процесін бейнетіркеу, комиссия мүшелерінің жұмысына бақылау жүргізу Ішкі бақылау актісі, бейнематериалдар Жыл сайын қабылдау науқаны кезінде
2 Техникалық тапсырмаларды нақты бір жеткізушіге арнап дайындау мүмкіндігі Жоғары Техникалық тапсырмаларды міндетті түрде тиісті бағытқа жауапты тұлғамен келісу, ірі сатып алуларда тәуелсіз сарапшыларды тарту Сарапшылардың қорытындылары, ішкі бақылау актілері Сатып алуларды өткізу кезінде тұрақты түрде
3 Оқытушылар тарапынан бағаларды субъективті түрде қою мүмкіндігі Орташа Академиялық адалдық мәселелері бойынша студенттерге сауалнама жүргізу Сауалнама нәтижелері бойынша анықтама, хаттама Оқу жылы ішінде 2 рет
4 Жұмысқа қабылдау кезінде конкурс рәсімдерін елемеу Жоғары Жұмысқа қабылдау кезінде міндетті конкурс рәсімдерін өткізу; барлық конкурс кезеңдерінің сақталуын бақылау; ашық комиссия ұйымдастыру Конкурс өткізу туралы бұйрық, комиссия отырыстарының хаттамалары, конкурс өткізу туралы есеп Әр қабылдау кезінде тұрақты түрде
5 Студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуде таныстық не объективті емес критерийлер негізінде көмек көрсету мүмкіндігі Орташа Әлеуметтік көмек көрсету үшін нақты және ашық критерийлерді әзірлеу; шешім қабылдау жұмысын міндетті түрде хаттамамен ресімдейтін комиссия құру Комиссия құру туралы бұйрық, әлеуметтік көмек көрсету туралы ереже, комиссия отырыстарының хаттамалары Жыл сайын әлеуметтік көмек рәсімдеу кезінде

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *