Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру іс-шарасы

25.09.2025 ж. Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру іс-шарасы өтті. Іс-шараға колледж директоры, бөлім басшылары мен қызметкерлер қатысты.

Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Д. Әбелдинова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның негізгі қағидаттары түсіндірілді.

Кездесу барысында адалдық, әділдік және ашықтық құндылықтары талқыланды.
Қызметкерлерге сыйлықтар мен материалдық сыйақылар алуға тыйым салынатыны ескертілді.

Сонымен қатар квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне кәсіпкерлікпен айналысуға болмайтыны түсіндірілді. Іс-шараның қорытындысында ұжымда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын сақтау қажеттілігі атап өтілді.

Қамтылуы – 75 адам.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *