15 қараша, Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне орай колледжіміздің студенттерімен бірге «Тәуелсіздіктің символы – толыққанды теңге» атты кітапхана сабағын өткіздік.
Студенттермен бірге теңгенің шығу тарихын, оның еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символы ретіндегі маңыздылығын, сондай-ақ қазақстандық валютаның ерекше қасиеттерін талқыладық.
Мұндай іс-шаралар жастарға ұлттық құндылықтардың маңызын терең түсінуге көмектесіп, елімізге деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.