12.12.2025 ж. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Шабыт» жобасының қатысушылары Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік бағдарламаның мақсаты – студенттердің бойында отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыру, ел тарихына құрмет сезімін арттыру, ұлттық болмысты дәріптеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Шара барысында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы, тарихи оқиғалар, ғылым, мәдениет, спорт және кәсіби салалардағы жетістіктер туралы айтылды. Колледж басшылығы құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар студенттер мен педагогтерге еңбектері үшін мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табыстады.
Бағдарламада колледж оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен поэзия топтамасы, сондай-ақ ән, би, күй ұсынылды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттердің патриоттық рухын көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етті
Қамтылуы – 150 студент.
