06.05.2025 ж. Жұмысшы мамандықтар жылы мен Қазақстан халқы бірлігі күніне орай колледжде «Табиғаттан – кәсіпке: жасыл бастамалар» атты фестиваль-көрме ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті дамыту, кәсіби бағдар беру және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.
Фестиваль колледждің әртүрлі мамандықтарында білім алатын студенттерді, оқытушыларды, әлеуметтік серіктестер мен қонақтарды табиғатты құрметтеу, тұрақты даму және еңбекке деген құрмет идеясы төңірегінде біріктірді.
Көрмеде экологиялық таза материалдардан жасалған гүл композициялары мен флористикалық жұмыстар, болашақ мамандықтар мен экология тақырыбындағы арт-нысандар мен инсталляциялар, шағын бақтар мен интерьерлік жасыл бұрыштар ұсынылды.
Экологиялық таза өнімдерден дайындалған түрлі ұлттардың ұлттық тағамдары ұсынылған салауатты тағамдар аймағы да қонақтардың көңілінен шықты. Сонымен қатар, студенттер мен келушілер түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты.
Фестиваль-көрме түрлі мамандықтағы студенттердің бірлескен жобаларын ұсынумен аяқталды. Бұл шара – Қазақстанның экологиялық саналы және кәсіби бағдарланған жастарын тәрбиелеуге қосылған маңызды үлес болды
#tarbie_astana2024
#Біртұтас_тәрбие
#акиматастаны
#oquagartu
#dosbollike
#RUMCDO
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@gani.beisembayev
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@jenis__kasymbek
@s_kassymkhan
@rumcdo_official
@antikor_astana
@parlament_school_student