Табысты түлектермен кездесу

Профи TIME» жобасы аясында 1 курс студенттерімен колледждің табысты түлектерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге «Туризм» мамандығын 2017 жылы үздік дипломмен бітірген түлегі, «Туризм» орталығының нұсқаушысы Дюсенбаева А.А., «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 2019 жылғы түлегі, «Burritos» мейрамханасының бас-аспазшысы Махов К.С., «Орман шаруашылығы» мамандығының 2020 жылғы түлегі «Kazgreencity» ЖШС мекемесінің көгалдандырушы Бөкенбаев А.Ә., «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 2022 жылғы түлегі, жеке кәсіпкер Гузавской Н. және алғашқы білімдерін колледж қабырғасынан алып, кейін жоғары оқу орындарын бітіріп, білім саласында еңбек етіп жатқан Коваль М.Л., Смирнова О.Д., Байгабылова Г.Е., Баймуканова Л.К., Усенбаева А.Ж., Тюрюбаева Р.Б., Абильгазиева К.С., Есенбекова Б.С., Низамитдинов А.М. ұстаз-түлектер қатысты.
Кездесу диалог түрінде өтті. Кездесу барысында қонақтар студенттермен жетістіктерінің құпиясымен бөлісті, студенттік өмірден қызықты оқиғалар әңгімелеп берді. Шақырылғандардың әрқайсысы табысқа жету жолындағы өз оқиғаларымен бөлісті, өз кәсібін әрі қарай дамыту болатындығы туралы кеңестер берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған