“ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ” МАМАНДЫҒЫНЫҢ ПӘНДІК АПТАЛЫҒЫ

Желтоқсан айында колледжде “Тамақтануды ұйымдастыру” мамандығының әдістемелік апталығы  аясында конкурстар, шеберлік сыныптары және аспаздық баттлдар өткізілді. Апта шеңберінде өткізілетін іс-шаралар пән бойынша білімді тереңдетуге, теориялық білімді тәжірибеде қолдану қабілетін қалыптастыруға, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, белсенділікке, бастамашылық  пен өзін-өзі ұйымдастыруын дамытуға, сондай-ақ мамандыққа кәсіби бағдарлануға ықпал етеді.  Онкүндіктің  салтанатты ашылуында өткізілетін барлық іс-шаралар аталып өтті. Өндірістік оқыту шеберлері  Н. А. Шакиева, А. А. Хижинская 2опп1-22 р, 2ОПп1-22к топтарының студенттерімен “Суық тағамдар дайындаудың заманауи үрдістері”  тақырыбында шеберлік сыныбын,С. С. Голубева екінші курс студенттері арасында “Оливье дайындау” аспаздық баттлын, А.С. Боранбаева бірінші  курс 10-11 сыныпта оқитын  эксперименттік топ студенттеріне “Құйылған шоколадтар” тәтті шеберлік сыныбын өткізді.. Арнайы пән оқытушылары  Б. С. Есенбекова Л. К. Баймуканова түрлі тағамдардың технологиялық карталарын дұрыс құрастыру бойынша ашық сабақтар өткізді. ” Барлық  іс-шаралар жоғары, нәтижелі және  жан-жақты ұйымдастырылған деңгейде өтті. Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығының апталығының  жабылуы іс-шараларға  белсенді қатысқан студенттерге алғыс хаттар табыстауымен ерекшеленді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *