Татулық тыныштықтың тірегі

Бүгін 1 мамыр –  Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтілді. Бұл 150-ден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрып жатқан елдің бейбіт өмір сүруіне аса қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі.

29 ұлт өкілі білім алып алып жатқан біздің білім ордамызда да атаулы меркеге орай  студенттерді елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастыққа баулу, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелеу мақсатында «Татулық тыныштықтың тірегі» ұлттар фестивалі өткізілді.

Фестиваль барысында студенттер Ұлт өкілдеріне бөлініп, бірінші бөлімінде ұлттық тағамдар жәрмеңкесін ұйымдастырып, екінші бөлімінде олардың тыныс-тіршілігі, мәдениетін таныстырумен жалғасты.  

Іс-шараның құрметті қонақтары – Білім басқармасының ТжКББ басшысы А. Хон, колледж директоры С. Басыгараева, әлеуметтік серіктестер, Корей мәдени орталығының өкілі Джи Ең қатысушыларды меркемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.