Таза Қазақстан

08-09.04.2025 ж. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жұмыс істеп жатқан «Бойтұмар» қыздар клубының мүшелерімен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Қалдықтарға екінші өмір сыйла» атты екі күндік эко-шеберлік сағаты өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы оларды тиімді пайдалануға баулу.

Шеберлік сағаты барысында қатысушылар пластик, қағаз, маталар сияқты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы түрлі сәндік және тұрмыстық бұйымдар жасады.

Іс-шара жас ұрпаққа экологияны қорғау бағытында нақты әрекет жасаудың маңыздылығын ұғындырып, ұқыптылық пен шығармашылық дағдыларын арттыруға үлкен септігін тигізді. Сонымен қатар, клуб мүшелері табиғатқа жанашыр көзқарас қалыптастырып, болашақта экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға ынталанды

Қамтылуы – 18 студент.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *