2024 жылдың 24 мамырында “Сервис және туризм колледжі” ШЖҚ МКК студенттерімен терроризм және экстремизм идеологиясының алдын алу, зорлық – зомбылықтан бас тарту сезімін тәрбиелеу мақсатында «Терроризм-қазіргі заман мәселесі» тақырыбында сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында терроризм және экстремизм ұғымы, қоғамдық қауіп, жастар ортасындағы экстремизм құбылысы және оның алдын алу сияқты мәселелер қамтылды. Білім беру мекемесінің терроризмге қарсы қорғалуының, өткізу режимінің, білім беру объектісінде террористік акт жасау кезіндегі оқушылардың іс-қимыл алгоритмінің негізгі талаптары жеткізілді.