“Терроризм – қазіргі заман мәселесі” тақырыбында кезекті кездесу

Экстремизм мен терроризм қазіргі заманның ең қауіпті мәселелерінің біріне айналды және елдің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді. Осыған байланысты бүгінде жастардың діни-саяси экстремистік ұйымдарды насихаттау әсеріне тұрақты иммунитетін қалыптастыру, жастардың әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру өте маңызды болып табылады.

Колледж студенттері мен түлектері қауымдастығымен меморандум аясында Діндерді зерттеу орталығының өкілдерін шақыра отырып, студенттермен “Терроризм – қазіргі заман мәселесі” тақырыбында кезекті кездесу өтті.

Кездесуде студенттер дәрісті тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы өз жалғасын табады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *