Колледж ұжымымен терроризмнің алдын алу және қауіпсіздік шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді. Семинар барысында қатысушылар күдікті жағдайларды анықтау, төтенше жағдайда әрекет ету, эвакуация ережелері туралы пайдалы мәліметтер алды.
Семинардың мақсаты – ұжым мүшелерінің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және террористік қатерге қарсы тұруға дайын болуын қамтамасыз ету.
Семинар мазмұнды әрі пайдалы өтті.
Қамтылуы – 78 адам.