2025 жылдың 28 қаңтар күні Жұмысшы мамандықтар жылы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру мақсатында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың заманауи тәсілдері» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған ХІ қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференция барысында диалог алаңы, дөңгелек үстел, панельдік дискуссиялар, BarCamp – антиконференциясы, педагогикалық коллоквиум және басқа да форматтарда шаралар өткізілді. Колледж педагогтері мен іс-шара қонақтары «Жас дизайнерлердің идеялары», «Дәмді нан құпиялары» атты жұмыстардың көрмелерін тамашалап, «Мамандықтар әлемін ашу» шеберлік сыныптарына, «Ұстаз болу — өнер» педагогикалық коллоквиумына және бук-кроссингтерге қатысты.