08.09.2025 ж. «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап құмар» клубының ұйымдастыруымен қазақтың рухани көсемі, Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тілім менің – мерейім» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, жас ұрпақты ана тілді құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға шақыру болды. Клуб мүшелері ұстаздың еңбектері бойынша баяндамалар жасап, кітап көрмесі таныстырылды.
Шара барысында оқушылар ана тілі туралы өлеңдер оқып, Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан үзінділермен танысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Қамтылуы – 65 студент.