08-15 ақпан аралығында топ студенттерінің арасында футзалдан жарыс өтті. Шараның негізгі мақсаты үздіктерді анықтап, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Ойын барысында студенттер бар шеберліктерін салып, тартысқа толы ойын өрнегін көрсете білді. Бірнеше күнге созылған намысты додада, мына топтардың мерейі үстем болды.
Ақтық бәсекенің нәтижесінде жоғары ұпай есебімен бірінші орынды ОП-22 к. екінші орынға 3 ТРм-11, ал үшінші орынды 2 О-21 МБк және ТО-22к. топтары иеленді.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.