Жасөспірімдерде «буллинг» ұғымы туралы түсініктерді қалыптастыру мақсатында 01.02.2023 жылы “Өз шекараларын күзетуде!” тақырыбында тренинг элементтерімен дәріс өткізілді. Аталған іс-шараға құқық магистрі, Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының экс судьясы Қабиденова Динара Хакимовна шақырылды.
Жасөспірімдер арасындағы буллинг – бұл кешенді қарастыруды қажет ететін мәселе. Кез-келген бала физикалық, интеллектуалдық қабілеттеріне немесе материалдық жағдайына қарамастан буллинг құрбаны бола алады. Психологиялық жарақатты тек буллингке қатысушылар ғана емес, оның куәгерлері де алады.
Дәріс барысында студенттерге буллинг тақырыбында «Адамды сыртқы келбеті үшін қорлама», «Ақылды бол» бейнероликтері көруге ұсынылды. Әр студент өзін «Буллер», «Құрбандар», «Бақылаушылар» рөлдеріне еніп, осы рөлден шығу, жеңу жолдарын бірге талқылады.
Студенттер тренинг барысына белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Жалпы дәріс нәтижелі өтті, студенттер көптеген қызықты және пайдалы ақпаратты білді.
Жалпы іс шараға 78 студент қатысты.