“Құқық” ҚҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандум аясында колледжде толеранттылық пен эмпатияны арттыру, студенттердің тұлғааралық қатынастарындағы жанжалдардың алдын алу мақсатында “Однажды в колледже” тренингі ұйымдастырылды.
Тренинг 2 кезеңде өтті: ақпараттық және практикалық.
Тренинг барысында студенттерге екі кезең ұсынылды: бірінші кезеңде заңгер А. Ә.Мұқан студенттерге заң тұрғысынан буллинг туралы айтып берді. Екінші кезеңде психолог Н. Амангелдіқызы түрлі психологиялық жаттығулар өткізіп, бейнероликтерді көріп, жағдайды талқылады.