Вавилондағы ең бай адам

31 желтоқсанда Қызмет көрсету және туризм колледжінде «8 минут» жобасы аясында іс-шара өткізілді.

Бұл жолы кездесуді ПО-25р тобы дайындап, Джордж Клейсонның «Вавилондағы ең бай адам» кітабын талқылауға ұсынылды.

Пікірталас барысында студенттер оқыған кітаптан алған әсерлерімен және ой-пікірлерімен бөлісті. Никита шығарманың негізгі идеялары туралы өз көзқарасын білдірсе, Илья автордың өмірі мен оның кеңестерінің бүгінгі күнге дейін өзектілігі жөнінде айтты. Әрбір қатысушы қаржылық сауатты болу, капиталдың мәні және оны дұрыс басқару туралы өз ойларымен бөлісті.

Кітап студенттерге ерекше әсер қалдырды: талқылау қызықты, танымдық және шабыттандыратын сипатта өтті. Студенттер бұл еңбекті қызығушылықпен оқып, әр тараудан өмірге қажетті маңызды сабақтар тапты.

Қамтылуы – 65 студент.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *