Yстел теннисінен жарыс

10.12.2025 ж. «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Өмірге салауатты қадам» жобасының жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай колледж студенттері арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық белсенділікті арттыру, сондай-ақ студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру болды.

Жарысқа әртүрлі топтардан студенттер қатысып, өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіске деген жігер танытты. Турнир қызу тартысқа толы өтіп, қатысушылар бір-біріне қолдау білдіре отырып, әділ ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, денсаулықтың құндылығын түсіндіруге ықпал етті.

Қамтылуы – 27 студент.

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *