“Заң және тәртіп” айы аясында қалалық дебат

20.01.2026 ж. «Адала азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Астана қаласы прокуратурасының қолдауымен колледждер арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында ойындық сот процестері байқауы өтті.

Іс-шара Американдық парламенттік дебаттар форматында ұйымдастырылып, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, дәлелді сөйлеу, сыни ойлау және құқық мәдениетін дамытуға бағытталды.

Турнирге әртүрлі колледждерден 12 команда қатысты.

Іс-шара іскер және конструктивті атмосферада өтті, қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын, азаматтық ұстанымдарын және заңдылық мәселелеріне қызығушылықтарын көрсетті.

Өткізілген шара студенттік жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға және білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға маңызды үлес қосты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *