19 желтоқсан күні «Здоровое питание» және «Еңбегі өрен жас ерен »жобалары аясында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттеріне студенттерге денсаулықты сақтау тамақтануының негіздерін түсіндіру, олардың кулинарлық дағдыларын арттыру және дұрыс тамақтанудың маңыздылығын көрсету мақсатында «Денсаулықты сақтау тамақтануының дәмді идеялары» атты шеберлік сыныбы өтті.
Іс-шараға шақырылған колледж түлегі, аспазшы-кондитер Саметова Лариса денсаулықты сақтау тағамдарын дайындаудың әдістерін үйретіп, чечевица бургерлері, канапе, алма қосылған сырниктер, цуккини вафлилері, күрішті круассан, зефир және ДТ конфеттерін жасады.
Шеберлік сыныбы студенттер үшін қызықты әрі пайдалы өтті.
Қамтылуы – 120 студент.