Жүрегі жырдан жаралған

2025 жылы 10 сәуірде колледж кітапханасында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, І дәрежелі «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты әдеби кеш студенттердің қатысуымен өтті.

Іс-шараның мақсаты – ақынның бай шығармашылығын кеңінен насихаттау, оның әдеби мұрасына деген құрметті арттыру және жастардың поэзияға, оның ішінде Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Кеш барысында студенттер ақынның өлеңдерін жатқа оқып, сахналық қойылымдар көрсетті. Сондай-ақ, ақынның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы ойларын ортаға салды.

Қамтылуы – 36 студент

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *