20 қарашадан бастап колледжде жалпы білім беретін пәндер онкүндігі басталды. Пән апталығы студенттердің кәсіби шеберлігін арттыру, сонымен қатар танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту мақсатында жыл сайын өткізіледі. Онкүндіктің мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеті бар оқушыларды анықтау, жалпы білім беретін сабақтарға деген қызығушылықтарын арттыру. Онкүндікте сыныптан тыс іс-шаралар, ашық сабақтар, қабырға газеттері байқауы, викториналар, интеллектуалдық ойындар өткізіледі.