«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудағы отбасының рөлі» тақырыбында жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Құқық бұзушылықтың алдын алу. Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Д. К. Абельдинова
  2. Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. Сарыарқа ауданы ПББ аға жедел уәкілі полиция капитаны А. А. Әуесханов
    Полиция майоры А.А. Әуесханов сөз сөйлеп, ата-аналарына құқық бұзушылықтар кезінде қандай жаза шаралары бар екенін түсіндірді. Әңгімелесу барысында ата-аналарға балаларын есепке қоюдың негіздері мен салдары, оларды тәрбиелеу, күтіп-бағу және оқыту бойынша жауапкершілік түсіндірілді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың алкоголь мен есірткі заттарын тұтынуының зияны туралы, Кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі уақытта көшелерде және қоғамдық орындарда ересектердің еріп жүруінсіз болуына жол бермеу туралы еске салды. Жасөспірімдердің отбасынан өз бетінше кету тақырыбына ерекше назар аударылады.
    Кездесу барысында ата-аналарға баланың компьютерде болу уақытын шектеу және сабақтан тыс уақытта балалардың жұмыспен қамтылуын арттыру қажеттігі түсіндірілді. Қорытындылай келе, инспектор ата-аналарға жасөспірімдерге қатысты қылмыстардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полициямен және әкімшілікпен күш біріктіруді сұрады.
    Жиналыс барысында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
    Жиынға 40 ата-ана қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *