2025 жылдың 19 ақпанында №3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің салауатты өмір салты дәрігері А. Нұрмағамбетов колледж студенттеріне «Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында психикалық денсаулық мәселелері және оған әсер ететін мінез-құлық қауіп факторлары талқыланды. Сонымен қатар, есірткі заттарын бірлесіп қолдану арқылы таралатын аурулар мәселесі қозғалды.
Студенттермен жыныстық жолмен берілетін аурулардың таралуы туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді. АИТВ және ЖИТС тақырыбы да назардан тыс қалмады. Жастардың психикалық денсаулығын сақтау және оларды есірткі бизнесінен қорғаудың маңыздылығы жайлы сөз болды.
Дәріс соңында дәрігер студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Қамтылған студенттер саны: 28