2025 жылдың 14 ақпан күні «Сервис және туризм» колледжінің «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері Қазақстандық жауынгерлердің ерлігін мәңгі есте сақтау, Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу, білім беру ұйымдарының оқушыларының әскери-патриоттық тәрбиесін арттыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери қызметті насихаттау мақсатында әскери-патриоттық акцияға қолдау көрсетті.
Мереке ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы және ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығымен бірлесе ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – жас ұрпақ арасында әскери-патриоттық рухты қалыптастыру, еліміздің қорғаныс күштеріне деген құрмет пен алғыс сезімін нығайту болып табылады.
Қамтылуы – 30 студент.