«Жас сарбаз» жұмысының жоспарына сай «Jastar Talks» кездесуі: Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған тағылымды жүздесу

29.04.2025 ж. «Жас сарбаз» жұмысының жоспарына сай «Jastar Talks» кездесуі: Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған тағылымды жүздесу

2025 жылдың 29 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен Сервис және туризм колледжі бірлесіп, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Jastar Talks» форматында ашық кездесу өткізді.

Іс-шара мақсаты – жас ұрпаққа тарихи жады мен рухани құндылықтарды жеткізу, патриоттық тәрбие беру және аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі арқылы жастардың азаматтық белсенділігін арттыру.

Кездесуге спикер ретінде Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі, запастағы полковник Артықов Ғани Асылбекұлы шақырылды. Ол студенттермен ашық диалог форматында сұхбаттасып, патриотизм, азаматтық жауапкершілік және ұрпақтар сабақтастығы туралы өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, Отан қорғаудың маңыздылығы және батырлық тарих туралы тың мәліметтер алды.

Осындай тағылымды кездесулер – жастарды рухани тұрғыда байытып, елін сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеудің кепілі.

Қамтылуы – 220 студент

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *