Конкурстық комиссия негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып жатақханадағы орындарды бөлуді мынадай басым тәртіппен жүзеге асырады:
1) даму мүмкіндігі шектеулі адамдар, мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адамдар болып табылатын адамдар;
2) кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы адамдар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедек адамдарға теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар, сондай-ақ қандастар;
3) білім алушылар “Мәңгілік ел жастары – индустрияға!”(“Серпін – 2050”);
4) мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа оқуға қабылданған, білім беру ұйымы өткізген конкурстың немесе әңгімелесудің қорытындылары бойынша жоғары баллы бар білім алушылар;
5) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелері бар жоғары курс оқушылары қатарынан білім алушылар;
6) Өзге де білім алушы ұйымдар.