15.04.2025 ж. колледж ұжымының қатысуымен жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ұжым мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны, заң алдындағы жауапкершілік және адалдықтың маңыздылығы туралы тың мәліметтер алды. Жиын барысында парасаттылық қағидалары мен әділдік ұғымына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, жемқорлықпен күресте әр азаматтың рөлі туралы айтылды. Ақпараттық сағат қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Іс-шара мазмұнды әрі пайдалы өтті.
Қамтылуы – 78 адам.