Жіті респираторлық вирустар мен тұмаудың алдын алу. Оқушылардың дұрыс тамақтануының қағидалары

7 қазан 2025 жылы  No3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің салауатты өмір салты бөлімінің дәрігері А.Нұрмағамбетов  «Жіті респираторлық вирустар мен тұмаудың алдын алу. Оқушылардың дұрыс тамақтануының қағидалары» атты Ұлттық бағдарлама аясында колледж студенттеріне семинар өткізді. Семинарда жеке профилактикаға немқұрайлы қарау салдарынан таралатын жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу мәселелері қаралды. Семинарда сонымен қатар салауатты тамақтанудың маңыздылығы, иммундық жүйе үшін салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, халықтың жекелеген топтары үшін жоспарлы екпелердің маңыздылығы туралы айтылды. Сондай-ақ респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу бойынша студенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Дәріс соңында дәрігер талқыланатын тақырып бойынша студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Қамтылуы33  студент

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *