Жолда жүру ережелері

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы желілік полиция басқармасының басшысы, полиция капитаны А. Сапарғали студенттерімізбен жолда жүру ережелері, теміржолдағы қауіпсіздік және нашақорлықтың алдын алу тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

👮‍ Жолда жүру ережелері — Қауіпсіздігіміздің кепілі! Капитан А. Сапарғали жолда сақтық шараларын сақтау арқылы өзімізді және өзгелерді қорғаудың маңыздылығын түсіндірді.

🚉 Теміржолдағы қауіпсіздік — Ерекше назар аударуды қажет етеді! Теміржол маңында қауіпсіздік ережелерін сақтау, тәртіпке бағыну қажеттігі айтылды.

🚫 Нашақорлықтың алдын алу — Салауатты болашақ үшін! Полиция капитаны жастарға зиянды әдеттерден аулақ болу және салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіріп, нашақорлықтың зияны туралы айтты. Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз әрі салауатты өмір салтын ұстануға үгіттейді деп сенеміз!

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *