ҚР Ұлттық валютасына  30 жыл

ҚР Ұлттық валютасының 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік нышаны-төл теңге» атты кітапхана сағаты колледжіміздің 1 курс студенттерімен өткізілді.

Мақсаты: оқырмандарға мемлекеттің егемендігін айқындайтын бірден-бір белгі-теңгенің тарихы, өзгеруі мен оның түрленуі жайында және ұлттық ақша айналымы жөнінде мағлұмат беру, оқырмандарды кітапхана кешеніне тарту. Шара барысында студенттерге ұлттық валютаның шығу тарихына қатысты қызықты инфографикалық деректер ұсынылып, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық валюта теңгенің айналымға енуіне байланысты халыққа үндеуі туралы деректі фильмінен үзінді көрсетілді.Сонымен қатар ұлттық валюта туралы тарих беттеріндегі деректер негізінде онлайн платформадағы викториналық сұрақтар қойылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған