24.11.2022 ж. Астана қаласының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында “Өндірістік оқытудың үздік шебері –2022” байқауының 2-туры өтті. Байқау өндірістік оқыту шебері мәртебесін арттыруға және үздік жұмыс тәжірибесін одан әрі таратуға бағытталған. Біздің колледжден Хижинская Антонина Александровна сайысқа қатысып, ІІ-орынды иеленді. Антонина Александровнаны құттықтаймыз, шығармашылық табыс пен жаңа кәсіби биіктерге жетуді тілейміз !!!
![](https://ksit.edu.kz/wp-content/uploads/2023/01/WhatsApp-Image-2022-11-24-at-16.45.19.jpeg)