Үздік  өндірістік оқыту шебері-2023

2023 жылдың  қараша –желтоқсан   аралығында  Астана қаласының «Әдістемелік орталық» ұйымдастыруымен  техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында  «Үздік  өндірістік оқыту шебері» қалалық байқауы  өткізілді . мақсаты  – өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын жетілдіру,  мамандығының беделін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені насихаттау. Байқауға колледжден Жанасова Э.,Жапар Д.О., Маумова А.Ж. өндірістік оқыту шеберлері   қатысып, визит карточкасы мен инновациялық технологияларды пайдаланған  өндірістік оқыту бейнесабақтарын және  заманауи  талаптар  бойынша сабақ жоспарын ұсынды.  «Үздік өндірістік оқыту шебері» қалалық байқауының  қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен – Маумова Айжан Жанатбековна марапатталды. Әріптестерімізді  құттықтай отырып жұмыста  шығармашылық табыстар тілейміз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған