«Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ

2023 жылғы 04 желтоқсанда «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК лауазымды тұлғалары колледж студенттері тұратын жатақханада «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өткізді.

         Жатақханада өрттің пайда болуын болдырмау мақсатында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және АӘТД оқытушы-ұйымдастырушысы студенттермен, тәрбиешілермен және қызмет көрсетуші персоналмен «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында әңгіме жүргізді.

         Студенттерге өрттің алдын алу үшін қандай ережелерді сақтау керектігін түсіндірді. Әңгімелесу барысында өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша іс жүзінде сабақтар өткізілді, сондай-ақ өрт кезінде дұрыс әрекет ету туралы тактикалық-саптық әдіспен жаттығулар өткізілді. Студенттерге өрт туындаған кезде шақырылуы қажет 101, 112 шұғыл қызметтердің нөмірлері туралы еске салынды. Лауазымды тұлғаларға өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулықтар таратылды.

          Сабақты өткізу барысында студенттер, тәрбиешілер мен қызметкерлер өрт туындаған жағдайда қажетті іс-әрекеттерді қауіпсіз орындау дағдыларын игерді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған