«Өзгемен емес – өзіңмен күрес» мотивациялық кездесу

Бүгін, «Өмірге Иә деп айт!» қалалық акциясы аясында «Өзгемен емес – өзіңмен күрес» атты Арнұр Қайнарбекұлымен мотивациялық кеш өтті. Іс-шараның мақсаты жасөспірімдердің өмірге деген құлшынысты арттыру, өмір туралы түсініктерін кеңейту, өмірдің кез-келген құбылысын позитивті түсінуге баулу болды. Кездесудің қонағы – А. Искаков, өмірдің сынағына сынбай, қажырлы еңбек жасап, қоғамдық өмірге белсене араласып, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы орнын айшықтау үшін талмай еңбек етіп келе жатқан тұлға.
Спикер кездесу барысында адам өмірінің мәні, зор байлық – денсаулық, мамандыққа деген сүйіспеншілік, дұрыс жар таңдау мәселелеріне тоқталды.
Студенттер сұрақтар қойып, кездесу соңында өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған