Қайырымдылық жәрмеңкесі

Елордада су тасқынынан зардап шеккен өңірлер үшін гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Осылайша колледж ұжымы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары жойқын су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдау мақсатында жәрмеңке ұйымдастырды.

Жәрмеңкеде кондитерлік өнімдер, жемістер, түрлі сусындар, сондай-ақ басқа да тәттілер ұсынылды.

Қайырымдылық шарасын әрдайым игі акцияларға қатысуға дайын студенттер қолдады. Бұл – жас ұрпақтың мұқтаж жандарға көмек көрсетуге ұмтылуының тамаша мысалы.

Қайырымдылық жәрмеңкесінде жиналған барлық қаражат бірнеше күн ішінде су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберіледі.

#Ерлік 

#батырлық 
#Біртұтас_тәрбие
#акиматастаны
#oquagartu
#білімастана
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@oqu_aqartu_ministirligi
@k.sengazyyev_official
@baikenyesset

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған