2023 жылдың 26 желтоқсанында колледжіміздің кітапханасында
«8 минуттық оқу» жобасы бойынша Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» өлеңдерін КО-23к тобымен кітап шолуы өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты студенттерді мысалдардың мазмұнымен тансытыру, талдау және тәрбиелік мәнін түсіндіру.Кітапқа шолу 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезенінде Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен таныстырылып,студенттерге жалпы өмір тарихы туралы сұрақтар қойылды. Екінші кезенінде «Қырық мысал» өлеңдер жинағын мәнерлеп оқып, мазмұның талқылады.Үшінші кезеңде кітап бойынша кластер құрастырып, өз ойларын айтты.
Студенттер Ахмет Байтұрсынұлының кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайтының, ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырғаның қорытындылады.