Өз мамандығы туралы көркем әдебиет» кітапхана квилті

Бүгін «Оқуға құштар колледж» және «Профи тайм»жобалары  аясында Біртұтас тәрбие жоспарына сай О.Д.Смирнова «Өз мамандығы туралы көркем әдебиет» кітапхана квилтін өткізді. Іс шараның мақсаты студенттердің коммуникативтік, құндылық, мәдени құзыреттіліктерін қалыптастыру, оқу мәдениетін дамыту болды. Студенттерді аспаздық туралы шығармалармен таныстыру, әдебиет, телебағдарламалар, кино арқылы болашақ мамандығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, еуропалық кітаптардың басылымдары, сондай-ақ арнайы пән оқытушылары Коваль М.Л., Баймұқанова Л.К., Тюрюбаева Р.Б., Смирнова О.Д., Хижинская А.А.  мақалалары жарық көрген Қазақстан аспаздарының тағамдарының «Со вкусом» рецепттер жинағы, «Ұлттық тағамдардың құндылығы мен құпиясы» атты кітап ұсынылды.

Талқылау барысында М.Коваль салт-дәстүрге бай қазақ халқының мәдениеті, әдет-ғұрыптары туралы мыңдаған жылдар бойы дамып келген  ұрпақтардың сан ғасырлық тәжірибесімен таныстырды. «Ұлттық тағамдарды ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде қарастырып, уақыт сынынан өткен құндылықтарды сақтау, қорғау және ұрпаққа жеткізу» деп аяқтады сөзін М. Коваль.

Студенттер іс-шарадан жағымды әсер алып, мамандықтарына деген қызығушылығы арта түсті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған