«Үздік кәсіби бағдар беруші»

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында жұмыс біліктілігі бойынша эксперименттік жобаны іске асыру аясында Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм» колледжінде «Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби бағдарлау қызметінің үздік тәжірибесін таныстыру және оны одан әрі жалпылау және тарату.

Байқау үш номинация бойынша өткізілді:

1. “Кәсіптік бағдар беру іс-шарасы: ата-аналарға арналған жаңа формат”;

2. “Кәсіптік бағдар беру іс-шарасы: оқушылар үшін жаңа формат”;

3. “Сандық кеңістіктегі кәсіби бағдар”.

Ұсынылған жобаларды бағалау кезінде материалдың креативтілігі мен бірегейлігі, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерді танымал ету ескерілді.

Байқау қорытындысы бойынша келесі педагогтер жеңімпаз атанды: І орын-колледж психологы Д. Ахметова, ІІ орын-арнайы пәндер оқытушысы Л. Баймуканова, ІІІ орын – өндірістік оқыту шебері Д. Жапар.

«Шығармашылық кәсіби бағдаршы», «Тәжірибелі кәсіби бағдаршы» номинацияларының иегерлері Р. Тюрюбаева, С. Жұмабаева болды.

Жүлделі орындар мен номинациялардың барлық иегерлеріне дипломдармен қатар «Kazakhstan Prime Innovation» ЖШС әлеуметтік серіктесінен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *