«Абай – ұлт биігі»

«Саналы ұрпақ» клубының жоспары шеңберінде 1-курс топтары арасында  «Абай – ұлт биігі» марафоны өткізілді. Іс-шараның мақсаты ұлы ақынның ақындық мұрасын өскелең ұрпақ жүрегіне мәнерлеп оқу арқылы ұялату, поэзияны сүюге, бағалай білуге үйрету, жасөспірімдердің рухани танымын кеңейту болды.

Бұл шараға  ниет танытқан  70-тен аса адам қатысып, Абайдың азаматтық көңіл күй, философиялық ой, ғашықтық, оқу-білім, тәрбие тақырыптарындағы өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды.  

Қатысушылар «Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты екі номинация бойынша бағаланып, 1-3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Іс-шара қатысушылардың орындауындағы «Көзімнің қарасы» әнімен аяқталды.

#Біртұтас_тәрбие

#акиматастаны

#oquagartu

#dosbollike

#RUMCDO

#білімастана

@oqu_aqartu_ministirligi

@k.sengazyyev_official

@baikenyesset

@sherraisa

@antikor_astana 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған