«Әдеп мектебі» жұмысын жалғастыруда

«ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясын өткізу шеңберінде 14.02.24 күні студенттер арасында «Сөйлеу әдебі» тақырыбында әдеп сабағы өткізілді.

Шара барысында студенттерге «Сөйлеу әдебі», «Сөйлеу-қарым-қатынас негізі» жайындағы бейне материалдар көрсетілді. Сөйлесу этикетінің ережелері мен қағидаларын ұсына отырып,  мақал-мәтелдің жалғасын табу арқылы студенттерортаға шығып, жағдаяттық тапсырмалар орындалды. Өзінің озық ойымен ұшқырлығымен ерекшеленген балалар тапсырмаларды орындау барысында әдептіліктерін, әртістік қабілеттерін де көрсете отырып, жағдаяттардан шығудың жолын тамаша орындап берді.  

Өткізілген іс-шара жалпы білім алушыларға оң әсер етті, өйткені қатысушылардың көпшілігі қызығушылық танытты,белсенділік танытты және сөйлеу қарым-қатынас мәдениеті олар үшін де өте өзекті деген ойды білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған