«8-минуттық оқу»

“Сервис және туризм колледжінде  «8-минуттық оқу»  жобасы аясында ай сайын жоспарланған іс-шаралар өткізіледі.   2024 жылдың 15 сәуірінде ТОТ-23р тобында студенттердің ата-аналары Евлоева Лейла Мусаевна мен Қалдыбаев Руслан Юрьевич қатысуымен  кезекті әңгіме пікірталас өтті. Ф.М. Достоевскийдің   “Кедей адамдар” атты   кітабы бойынша пікірталас   мақсаты студенттерге жанашырлық сезімін, айналасындағыларға ізгілікпен қарауды, әділеттілікке ұмтылуды , сондай-ақ студенттердің ой-өрісін дамытуды, сөздік қорын байытуды, ашық қарым-қатынас үшін жағдай жасауды тәрбиелеу болды.

 Бұл Ф.М. Достоевскийдің “кішкентай адам ” кейіпкері  әлеуметтік тип ретінде сипатталған және оның ішкі,  жеке өмірін   көрсеткен хаттардағы роман.  Әңгіме   Варвара Доброселова мен Макар Девушкиннің   хаттары өрісінде өрбіді. Студенттер кейіпкерлердің іс-әрекеттерін белсенді түрде талдап,   хаттарының мазмұнына баға берді. Қорытындылай келе, куратор Р. Р. Ерғалиева ” Жағдайға кейіпкердің көзқарасы бойынша қарап, басқа адамға қарсы тұруға дайын болу  және бұндай жағдайға  бей-жай қарамайтын адам ғана бәрін реттеп, шешім табуға тырысады»-деді. Пікірталас өте қызықты өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *