«Таңғажайып алаңы»  тақырыбында

12 сәуір – ғылым қызметкерлері күні және Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған Б. Адлетханның ұйымдастыруымен ұлттық мүдде құндылығы аясында қазақтың алғашқы академик ғалымы Қаныш Сәтбаевтың  өнегелі өмірі мен ғылыми еңбектері жөнінде «Ғылым – ғажайып әлем»  тақырыбында  тәрбие сағаты өткізілді.  Ғалымның елі үшін атқарған толағай қызметімен терең танысқан студенттер,  «Бала-Қаныш», «Студент-Қаныш», «Кемел-Қаныш» бейнесін толық қанды мазмұнды түрде аша білді. Қаныш Сәтбаевтың ерен ерліктерімен қатар тарихтағы тұлғалық келбеті баяндалды.

Тәрбие сағатының соңында студенттер ұлтымыздың ұлы адамының өмірін үлгі етіп, туған жердің қара тасына дейін қадірлеу қажеттігін тереңірек ұғынды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған