АҚ ЖОЛ, ЖАС ТҮЛЕК!

Бүгін колледжде 3 жыл бойы білім нәрімен сусындап, мамандық игерген түлектерге диплом табыстау салтанатты жиыны өтті. 255 жас маман, соның ішінде 23 ерекше үлгідегі диплом иегері атанды.
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.
Құрметті түлектер, сіздерге сәт – сапар және ақ жол тілейміз. Болашақтарыңыз бүгіннен басталады. Сіздер дәл осы сәттен бастап өмірге жаңа бағыт, жолдама алып отырсыздар. Ендеше тылсым өмірдің сындарлы сәттері ертеңгі күнге сенімдеріңізді бекітсін! Естеріңізде болсын, сіздердің жетістіктеріңіз, қуаныштарыңыз – бұл біздің жетістігіміз бен қуанышымыз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған