«Ағаш отырғызудың экологиялық пайдасы»

Колледжде 4 мамыр күні  көгалдандырушы  маман  А. Бөкенбаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында «Ағаш отырғызудың экологиялық пайдасы» тақырыбы талқыланды. Бөкенбаев Әділбек «Орман шаруашылығы» бөлімінің 1 курс студенттеріне Астана қаласында қандай ағаш түрлері егілетінін, ағаштарды  қалай күтіп-баптау керектігін, Астана қаласының климаттық жағдайына байланысты  қандай ағаш өсімдіктері бейімделгенін айтып берді.

Сонымен қатар, ағаш тектес өсімдіктердің түрі мен жасына байланысты отырғызу ерекшеліктері туралы ұсыныстар берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған